СОЗАҚТЫҚ ЖАСТАР «ҮЗДІК ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ» НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастарды еңбекке баулу, уақытша жұмыспен қамту және қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасының 2026 жылғы еңбек маусымы қорытындыланды.
Биылғы еңбек маусымына Түркістан облысының 17 ауданы мен қаласынан 260 жас қатысып, көгалдандыру, абаттандыру, тазалық және қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жастар елді мекендердің тазалығын сақтауға, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысты.
Маусым жұмыстарының қорытындысы шығарылып, еңбек маусымында белсенділік танытқан жастар мен үздік еңбек жасақтары арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Айтулы марапаттың бірі – «Үздік еңбек жасағы» номинациясы. Бұл номинацияда Созақ ауданының «Жасыл ел» еңбек жасағы үздік деп танылды.
Биыл аудан бойынша жобаға 14 жас қатысып, Шолаққорған ауылының тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты. Жастар аудан орталығындағы саябақтар мен балалар ойын алаңдарын тазалап, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
«Жасыл ел» жобасы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың жауапкершілігін арттырып, жаңа тәжірибе мен дағдылар қалыптастыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас буынның туған жерінің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуына жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1293065?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді