
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары «Мобильді академияда» біліктілігін арттыруда. ҚР Ішкі істер министрлігінің бұл жобасы бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның ерекшелігі — оқытушылар өңірлерге барып, бөлімше басшыларына қызмет орнында білім алуға мүмкіндік береді.
Курс «Бөлім басшыларының кәсіби құзыреттерін жетілдіру» деп аталады және 15 -18 қыркүйек аралығында өткізіледі. Солтүстікқазақстандық полицияның аға офицерлерімен ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының оқытушылары жұмыс істеуде.
Курс бағдарламасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын талдау, құқық қолдану практикасы, заңнамадағы соңғы өзгерістер, жеке құрамды басқару мәселелері, басшылық етудің психологиялық аспектілері және басшылардың тиімді жұмысына қажетті басқа да бағыттар қамтылған.
«Мобильді академия» жобасы басшылық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға, ішкі істер органдары қызметкерлерінің заманауи басқару құзыреттерін дамытуға және құқық қорғау қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1292319?lang=ru

Жауап қалдыру