
Степногорск қаласының прокуроры Е.Қ. Нұрмаханов өңірдің ауылдары мен кенттерінде халықпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Мысалы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны өрт сөндіру бекетінің диспетчері қызметінен негізсіз босатылғанын жеткізді. Қала прокурорының жауапты лауазымды тұлғаға тапсырма беруі нәтижесінде аталған азаматтың жұмысқа қайта орналасуы қамтамасыз етілді.
Өзге жағдайда, Бестөбе ауылының тұрғыны ауыл ішінде ұзақ уақыт бойы қоқыс үйіндісінің шығарылмай тұрғанын және көшелердің бірінде жарықтандырудың жоқтығын жеткізді. Қала прокурорының қалалық әкімдікке тиісті тапсырма беруі нәтижесінде қоқыс шығарылып, көшеге жарықтандыру орнатылды.
Осылайша, халықпен кездесулер барысында көтерілген өзге де мәселелер өз шешімін тауып, тиісті бақылауға алынды.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1292977?lang=ru

Жауап қалдыру