ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 23 ТҰЛҒА ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында құрылған мобильді топ рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Рейд барысында саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары және халық көп шоғырланатын қоғамдық аумақтар араланып, тазалық талаптарын бұзудың 18 фактісі анықталды.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтар мен базар аумақтарында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес 23 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1292467?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді