ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Жеке қабылдауға Түркістан қаласы және Келес, Сарыағаш, Сауран, Созақ аудандарының тұрғындары қатысты. Азаматтар негізінен кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру, жеңілдетілген несие алу, жер мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Мәселен, Сарыағаш ауданының тұрғыны ескі киімдерді қайта өңдеу жобасын таныстырып, оны жүзеге асыру үшін жеңілдетілген несие алуға қолдау көрсетуді сұрады. Өтініш иесі бұған дейін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолдау алып, қайтарымсыз грант иеленген. Жобамен танысқан облыс әкімінің орынбасары сала басшыларына тиісті қаржы институттарымен байланыс орнатып, заң аясында жобаны сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Қабылдау барысында бизнес нысанын бағалау, суармалы және жайылымдық жерлерді пайдалану, карьер мәселесі, қолөнер бұйымдарын өткізуге жәрдемдесу және басқа да мәселелер көтерілді.
Қанат Қайыпбек жауапты тұлғаларға әрбір мәселені заң талаптарына сәйкес зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
– Тұрғындардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарап, азаматтармен тұрақты кері байланыс орнатыңыздар. Көтеріліп отырған мәселелердің басым бөлігі аудандық және қалалық деңгейде шешілуі тиіс. Сондықтан әрбір өтінішті жіті зерделеп, заң аясында нақты шешім қабылдау керек. Әрекетсіздікке жол берілмейді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Жеке қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелердің орындалуы облыс әкімінің орынбасарының тікелей бақылауында болады.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары жеке қабылдауды тұрақты түрде өткізеді. Жеке қабылдауға еӨтініш бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1293045?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді