Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

  1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
  2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау;
  3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
  4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
  5. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
  6. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
  7. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
  8. Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау;
  9. Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау;
  10. Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау;
  11. Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі;
  12. Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
  13. Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы);
  14. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
  15. Арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.

Жалпы, 2026 жылдың 8 айында Комитеттің аумақтық департаменттері шамамен 2,206 млн мемлекеттік қызмет көрсетті.

Бұл ретте жаңа тағайындаулар – 1,286 млн макет, қайта қараулар – 1,247 млн макет, бас тартулар – 75,1 мың макетті құрады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/press/news/details/1292419?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді