
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетісу облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Іс-шаралар барысында ауыр жүк көліктері, тіркемелері бар автокөліктер мен арнайы техникалардың техникалық жағдайы тексеріледі. Оның ішінде жарықтандыру құралдарының, артқы габариттік шамдардың және жарық қайтарғыш элементтердің жарамдылығына ерекше назар аударылады.
Түнгі уақытта мұндай көлік құралдарының жолдағы басқа жүргізушілерге анық көрінуі жол қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерге көлік құралдарының артқы бөлігінде жарық қайтарғыш ленталар мен жарықтандыру құрылғыларын дұрыс орналастырудың маңыздылығын түсіндіруде.
Профилактикалық жұмыстар барысында жүргізушілерге жарық қайтарғыш ленталар таратылып, оларды көлік құралдарына дұрыс орналастыру бойынша практикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көліктің техникалық жарамдылығын алдын ала тексеруге және түнгі уақытта жол қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1292755?lang=ru

Жауап қалдыру