ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 606 ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛЫП, КӨМІРГЕ СҰРАНЫС 70,8 МЫҢ ТОННАҒА АЗАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстар өңірлік штабтың тұрақты бақылауында.
Облыста 1 жылу-энергетика кешені, 34 орталықтандырылған және 2 210 автономды бюджеттік мекеменің қазандығы бар. Қазіргі таңда жылыту маусымына 1 310 білім беру, 737 денсаулық сақтау, 239 мәдениет, 74 спорт, 9 жұмыспен қамту нысаны және 737 көпқабатты тұрғын үй дайын.
Жоспарланған жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес атқарылуда. Жылу желілерін жаңғырту және жөндеу бағытында Кентау, Түркістан қалалары мен Созақ ауданында жалпы ұзындығы 24,1 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланған. Бүгінде оның 23,1 шақырымы орындалып, жұмыс көлемінің 96 пайызы аяқталды.
Кентау қаласында 14,5 шақырым магистральдық жылу желісін қайта жаңғырту көзделген. Мердігер мекеме өз қаражаты есебінен 2,5 шақырым жылу желісін ауыстырды. Жібек жолы көшесінің бойындағы ұзындығы 1 шақырым магистральдық жылу желісінде монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Бұл аймақта диаметрі 325 мм құбыр демонтаждалып, орнына диаметрі 426 мм жаңа құбыр орнатылды. Сонымен қатар Кентау – Хантағы автомобиль жолы бойындағы ұзындығы 550 метр, диаметрі 630 мм магистральдық жылу құбырының толық учаскесіне монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Кентау қаласындағы ішкі орам жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары үш кезек бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте жоспарланған 16 шақырым желі толық аяқталды. Екінші кезектегі жұмыстар да толығымен орындалды. Үшінші кезекте жұмыстар жалғасып, қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Түркістан қаласының №1 және №2 мөлтек аудандарында жоспарланған 1,2 шақырым жылу желісінің монтаждау жұмыстары толық аяқталды.
Өңірде газдандыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуі нәтижесінде көмірге деген қажеттілік те төмендеп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 801 елді мекеннің 606-сы газға қосылған. Соның нәтижесінде көмірге деген қажеттілік 70,8 мың тоннаға төмендеп, қазіргі қажетті көлем 535,6 мың тоннаны құрап отыр.
Бюджеттік мекемелердің көмірге қажеттілігі 86,1 мың тоннаны құрайды. Бүгінде оның 62,9 мың тоннасы немесе 73 пайызы тасымалданды. Тұрғындардың қажеттілігі 182,1 мың тонна болса, қазіргі таңда 65 мың тоннасы немесе 37 пайызы жеткізілді. Жылыжай шаруашылықтарына қажетті 267,4 мың тоннаның 18 мың тоннасы немесе 7 пайызы тасымалданды.
Қазіргі таңда көмір тұйықтарында 55 мың тонна қор жинақталған. Тұрғындарға көмір жеткізумен 26 жеке кәсіпкер айналысады. Отынды тасымалдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Жалпы, облыста алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып, барлық бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің және өңірлік штабтың тұрақты бақылауында.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1293041?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді