12 қыркүйекте Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алдында «Гүлдер FEST» мерекелік фестивалі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 қыркүйекте қаламыздағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алдында «Гүлдер FEST» мерекелік фестивалі өтті.
Фестиваль барысында қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға белсенді үлес қосып, туған қаламыздың көркеюіне еңбек сіңірген үздіктер марапатталды.
«Ең үздік көпқабатты үй ауласы» және «Ең үздік аула сыпырушы» номинацияларының жеңімпаздарына марапаттарды қала әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлы табыстады.
Сонымен қатар, «Ең үздік ұжымдық жұмыс», «Ең үздік колледждің ұжымдық жұмысы», «Ең үздік мектепке дейінгі мекеменің ұжымдық жұмысы» және «Ең үздік бөлме гүлдері» номинациялары бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен бағалы сый-сияпаттар табысталды.
«Гүлдер FEST» – қаламыздың ажары мен тазалығына үлес қосып жүрген жандардың еңбегін бағалап, тұрғындарды ортақ игі іске біріктірген ерекше мерекелік шара болды. Фестиваль туған қаламызды бірге көркейтуге деген жауапкершілік пен сүйіспеншілікті арттыра түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1292882?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді