Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесі (орналасқан жері: 020000, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 87А үй, жұмыс телефоны: 8(7162)78-00-08, 307-кабинет) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқауды өткізу орны: 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 87А үй, 3-қабат, акт залы.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл және амбулаториялық-емханалық, сондай-ақ стационарлық медициналық көмек көрсету.

Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдер, ұйым мүлігінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілік көтереді.

 Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және алдын алу көмегінің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың әрекеттерін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды.

Облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшыларына қойылатын біліктілік талаптары:

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
  • немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA (ЕМВА) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
  • немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA (ЕМВА) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
  • денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
  • басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Конкурс өтінімдерін беру мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде. Құжаттар пакеті мына мекенжай бойынша ұсынылады: 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаева көшесі, 87А үй, 307-каб.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш
  2. өмірбаян (еркін нысанда)
  3. білім туралы құжаттардың көшірмелері
  4. еңбек кітапшасының көшірмесі
  5. 086/У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшесі берген сотталмағаны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын анықтамалар.

Конкурс қатысушысы өзінің білімі, жұмыс өтілі мен кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.

Кандидат конкурс өтінімінің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте кандидаттың аты, әкесінің аты, тегі және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің атына адрестелуі;

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымына конкурс» және «2026 жылғы 01 қазан сағат 11:00-ге дейін ашпау» деген сөздерді қамтуы тиіс.

Конкурс өтінімі мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан жіберіледі.

  1. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталардан бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1293023?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді