«Ашық есік» аясында жас сақшылар полиция бөлімінің жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданында «Ашық есік» іс-шарасы ұйымдастырылып, «Жас сақшы» сыныбының оқушылары аудандық полиция бөлімінің жұмысымен танысты.

Іс-шара барысында оқушылар Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің ғимаратына экскурсия жасап, бөлімнің құрылымы мен негізгі қызмет бағыттары туралы ақпарат алды.

Кездесуге Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Мәлік Қылышбаев қатысып, жас сақшыларға полиция қызметінің ерекшеліктері жөнінде түсіндірді.

Полиция майоры Мәлік Қылышбаев полиция қызметкерлерінің күнделікті атқаратын міндеттері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы айтып берді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары қызметінің қыр-сырымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

«Ашық есік» іс-шарасының негізгі мақсаты – жасөспірімдердің полиция қызметі туралы түсінігін кеңейту, құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқық қорғау органдарының қызметімен жақынырақ танысуына және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1292956?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді