
Аудан әкімі Аңбаев Р.Ә. мемлекеттік органдардың басшылары мен ауылдық округтердің әкімдерінің қатысуымен өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында аудан әкімінің орынбасарлары Аманжолов Е.Қ., Сапанов Б.А. және аудан әкімі аппаратының басшысы Кенжебеков А.Б. сөз сөйледі. «Төрт түлік» базасына тіркеу, ауылдық округтердегі әлеуметтік-саяси жағдай туралы жедел ақпарат беру, сайлаушылар базасын өзектендіру, сондай-ақ сенбілікті дайындау және өткізу мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдеріне және мемлекеттік ұйымдардың басшыларына жедел ақпаратты уақтылы ұсынуды, халықпен жұмысты күшейтуді және сенбілікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1293401?lang=ru

Жауап қалдыру