https://www.instagram.com/reel/DdWpuqsq6Sa/?stkn=cmVsc200bWRwNmt1
Бүгін,16 қыркүйекте аудан әкімі Д.Тоғызбаев Әйтеке би аудандық «Әділет» партиясының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген 11 азамат өздерін толғандырған көкейкесті мәселелерін жеткізді. Тұрғындар тарапынан көтерілген негізгі мәселелер қатарында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу, отбасылық-тұрмыстық жағдайға байланысты қолдау көрсету, тұрақты жұмыспен қамту, жер учаскесін бөлу, материалдық көмек алу және балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселелері болды.
Қабылдау барысында әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелердің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты қарастырылатыны айтылды.
Аудан басшысы тұрғындардың мұң-мұқтажына бейжай қарамай, өз құзыреті шегінде мәселелерді шешу бағытында тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың мәселелерін тыңдау және шешу – жергілікті атқарушы органдар жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1293321?lang=ru

Жауап қалдыру