
«Денсаулық сақтау мекемелеріндегі тіл мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті
Іс жүргізу саласында мемлекеттік тілді қолдану деңгейін арттыру, құжат айналымында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және көрнекі ақпараттардың тілдік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 16 қыркүйекте «Денсаулық сақтау мекемелеріндегі тіл мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері, сондай-ақ Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшылары қатысты.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптары, оның ішінде мемлекеттік тілде іс жүргізу, құжат айналымын қазақ тілінде жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарындағы көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде орналастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушыларға мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, құжаттарды заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу және көрнекі ақпараттардың сауатты әрі бірізді берілуін қамтамасыз ету бағытында нақты түсіндірмелер берілді.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және іс жүргізуде қазақ тілінің үлесін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1292962?lang=ru

Жауап қалдыру