Депутаттар ауыл мектептерінің инфрақұрылымын жаңартуға назар аударды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Әлеуметтік нысандарды «кілтпен» салу мәселесін талқылау барысында депутат Нұрлан Тәжин ауылдық елді мекендерде мамандарға тұрғын үй салу жөніндегі ұсынысты қолдап, өңірдегі мектеп инфрақұрылымының жағдайына да назар аударды.
 
Депутаттың айтуынша, Қорғалжын ауданындағы көптеген мектептің пайдалануға берілгеніне 40–60 жыл болған. Бүгінде олардың техникалық жағдайы жаңартуды қажет етеді. Осыған байланысты Нұрлан Тәжин тек қалалар мен елорда аумағында ғана емес, ауылдық жерлерде жаңа мектептер салу, сондай-ақ қолданыстағы білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлары туралы сұрады.
 
Аграрлық мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы Әбілқайыр Ошақбаев ауылдан халықтың көшіп кетуіне жол бермеу және ауылдық аумақтардың әлеуетін сақтау бағытында тиімді тетіктерді пысықтау қажеттігін атап өтті.
 
Депутат Бекім Әкімов ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымының дамуында әлі де теңгерімсіздік бар екеніне назар аударды. Оның айтуынша, ауыл балалары да заманауи әрі жайлы білім беру жағдайларына қол жеткізуі қажет.
 
Оның айтуынша, бүгін ауыл тұрғындарына қажетті жағдай жасалмаса, ертең ауылды дамытуға әлдеқайда көп қаражат жұмсауға тура келеді.
 
Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова мектеп инфрақұрылымын жаңартуға кешенді түрде қарау қажеттігін қолдады. Ол депутаттардың ұсыныстары алдағы уақытта құрылыс нысандарының тізбесін өзектендіру барысында ескерілетінін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1293535?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді