Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК» АҚ және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының қызметкерлері қатысқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жабаева Мөлдір шақырылған спикер ретінде қатысты.

Семинар «Алматы» ӘКК» АҚ-ның 2026 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілдеріне арналды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері мен заңсыз сыйақы беруге және алуға жол бермеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ 2026 жылғы маусымда енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге, оның ішінде 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен күшіне енетін нормаларға ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға квазимемлекеттік сектор ұйымдарына тән негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды азайтуға бағытталған практикалық шаралар түсіндірілді. Атап айтқанда, бизнес-процестердің ашықтығын арттыру, ішкі бақылауды күшейту, басқарушылық шешімдерді құжаттау, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер мен заңбұзушылықтар туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp/press/news/details/1293185?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді