«Каспий-2026»: бес елдің құтқарушылары төтенше жағдайларға бірлесіп ден қоюды пысықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Астрахань қаласында Қазақстан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Әзербайжанның құтқару қызметтерінің қатысуымен өткен «Каспий-2026» халықаралық кешенді оқу-жаттығуы аяқталды.

  Оқу-жаттығу барысында қатысушылар түрлі төтенше жағдайларға ден қою, зардап шеккендерді құтқару, алғашқы көмек көрсету, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және бес мемлекеттің құтқару бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл бойынша практикалық әрекеттерді пысықтады. Бірлескен құтқару операциялары кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігіне, тәжірибе алмасуға және Каспий маңы елдерінің құзыретті органдары арасындағы жедел өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

  Мамандар төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеу, арнайы техника мен жабдықтарды қолдану, сондай-ақ іздестіру-құтқару іс-шараларын ұйымдастыру дағдыларын көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан ТЖМ-нің екі қызметкері Ресей ТЖМ-нің «Құтқару ісіндегі ынтымақтастық үшін» медалімен марапатталды.

  «Каспий-2026» халықаралық оқу-жаттығуы Каспий маңы мемлекеттерінің құтқару қызметтері арасында практикалық тәжірибе алмасу және өзара іс-қимылды нығайту алаңына айналды. Мұндай бірлескен іс-шараларды өткізу бөлімшелердің төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындығын арттыруға ықпал етеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1293378?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді