Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабына және 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамынан босап қалған мүшелері үшін ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.
Қаратөбе аумақтық сайлау комиссиясында 1 бос орын.
№ 2 Егіндікөл округтік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 4 Ақтай-сай округтік сайлау комиссиясы 3 орын
№ 7 Қоскөл округтік сайлау комиссиясы 2 орын
№ 8 Саралжын округтік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 272 Жусандой учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 279 Қоскөл учаскелік сайлау комиссиясы 3 орын
№ 280 Шалғын учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 282 Сәуле учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 284 Үшана учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
Саяси партиялардан ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 15 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
Үміткерлер туралы ұсыныстарды Қаратөбе аудандық мәслихатына мына мекенжайға: Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі № 14 үй, 2 қабатта, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылдайды. Байланыс телефоны 31-1-70.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karatobe-maslihat/press/news/details/1292876?lang=ru

Жауап қалдыру