
2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына барып, тыңдаушыларға адам құқықтары және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі тетіктері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі мен өкілеттіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) мақсаты мен қызметіне ерекше тоқталып, азаптаудың және өзге де қатыгез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алудағы маңызы түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1293202?lang=ru

Жауап қалдыру