Қазақстанда 269-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Бозой ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекет ауылдағы шамамен 2400 тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

  Жаңа бекет заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтары мен арнайы киім бар. Жеке құрамның тәулік бойы кезекшілік атқаруына жағдай жасалған. Еріктілер ТЖД-да арнайы дайындықтан өтті.

  «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы жасағының ашылуы ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1293135?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді