
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 1 217,02 млн теңгеге қайта есептеді.
Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізіледі. Тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі.
Өңірлер бөлінісінде қайта есептеу сомасы:
- Астана қаласы – 460,67 млн теңге;
- Алматы қаласы – 57,77 млн теңге;
- Шымкент қаласы – 38,50 млн теңге;
- Абай облысы – 0,27 млн теңге;
- Алматы облысы – 12,70 млн теңге;
- Ақмола облысы – 13,98 млн теңге;
- Атырау облысы – 22,09 млн теңге;
- Ақтөбе облысы – 11,03 млн теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы – 298,56 млн теңге;
- Жамбыл облысы – 26,06 млн теңге;
- Батыс Қазақстан облысы – 1,82 млн теңге;
- Қостанай облысы – 25,69 млн теңге;
- Қызылорда облысы – 42,21 млн теңге;
- Маңғыстау облысы – 161,60 млн теңге;
- Павлодар облысы – 29,11 млн теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 14,59 млн теңге;
- Түркістан облысы – 0,37 млн теңге.
Қарағанды облысында, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.
Сонымен қатар, Астана қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды.
Салыстыру үшін, 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген.
Қосымша сұрақтар бойынша тұрғындар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласа алады:
– Астана қаласы (7172) 57-50-28;
– Алматы қаласы (727) 279-31-39;
– Шымкент қаласы (7252) 32-15-07;
– Абай облысы (7222) 52-17-91;
– Ақмола облысы (7162) 50-43-63;
– Алматы облысы (7273) 70-05-04;
– Атырау облысы (7122) 21-10-38;
– Ақтөбе облысы (7132) 55-73-38;
– Шығыс Қазақстан облысы (7232) 61-28-88;
– Жамбыл облысы (7262) 45-94-68;
– Батыс Қазақстан облысы (7112) 31-36-42;
– Қарағанды облысы (7212) 21-57-10;
– Қостанай облысы (7142) 54-28-76;
– Қызылорда облысы (7242) 26-22-93;
– Маңғыстау облысы (7292) 42-16-20;
– Павлодар облысы (7182) 32-12-02;
– Солтүстік Қазақстан облысы (7152) 53-42-55;
– Түркістан облысы (7253) 35-83-66;
– Ұлытау облысы (7102) 76-07-24;
– Жетісу облысы (7282) 24-28-05.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1293198?lang=ru

Жауап қалдыру