«Құқықтық дәріхана»: заң көмегі-азаматтармен қатар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15.09.2026 жылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.

Акция аясында азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты өзекті мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.

Прокурорлар мемлекеттік органдарға жүгіну, лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану, әлеуметтік және өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, сондай-ақ еңбек, тұрғын үй, отбасылық және жер қатынастары салаларындағы сұрақтарға жауап берді.

Өз құқықтарының бұзылуына тап болған немесе туындаған мәселелерді шешу үшін қайда және қандай тәртіппен жүгіну қажеттігін білмейтін азаматтарға ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық түсіндірмелер ғана беріліп қоймай, одан әрі әрекет ету тәртібі бойынша нақты практикалық ұсынымдар ұсынылды. Жекелеген өтініштер «сол жерде» шешімін тапты.

Мәселен, акция барысында облыс тұрғыны тұрғылықты жері бойынша  денсаулық сақтау  ұйымына  тіркеуден бас тарту мәселесі бойынша өтініш берген.

Мәселе шұғыл түрде шешіліп, азамат тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелді.

«Құқықтық дәріхана» акциясы прокуратура органдарының халықпен тікелей диалог жүргізуінің тағы бір тиімді алаңына айналды.

Акцияның басты қағидаты – заң талаптарын жай ғана түсіндіру емес, азаматқа өз құқығын іс жүзінде қалай қорғауға болатынын түсінуге көмектесу.

Акция барысында барлығы 115 азамат қабылданды. Жыл басынан бері облыс прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 3 мыңға жуық азаматты қабылдады.

Облыс прокуратурасы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін одан әрі пайдалануға шақырады.

Акция әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да қоғамдық орындарда) өткізіледі.

 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1292856?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді