
Токсамбаев Ельжаксы Айтказыұлы – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері
Ельжаксы Айтказыұлы 41 жылдық еңбек жолын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік шекараның санитариялық қорғалуына арнады. 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Профилактикалық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, қазіргі уақытта Достық станциясындағы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімшесіне басшылық етеді. Кәсіби қызметінде карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алуға, мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін өнімдерге санитариялық-карантиндік бақылауды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. COVID-19 пандемиясы кезінде де жауапты қызмет атқарып, індетке қарсы іс-шараларға белсенді қатысты. Ельжаксы Айтказыұлы – білікті маман, тәжірибелі басшы әрі тәлімгер. Жас мамандарға өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби біліктілігін арттыруға және қызметтік міндеттерін сапалы орындауға бағыт-бағдар беріп келеді. Еңбегі «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1292745?lang=ru

Жауап қалдыру