
- Көзбе-көз куәландыруға (қайта куәландыруға) шағымдану
Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей тиісті әкімшілік органға немесе лауазымды адамға шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес қаралады және шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдану
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшенің және/немесе оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым аумақтық бөлімше басшысының немесе Комитет басшысының атына беріледі.
Шағым 5 жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік қызмет сапасыз немесе уақытылы көрсетілмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға шағымдана алады. Мұндай шағым 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
- Сырттай проактивті куәландыруға (қайта куәландыруға) шағымдану
Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, тұрақты тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімшеге шағым береді.
Шағым бойынша тиісті мәліметтер 2 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
Комитет маманы МӘС актісін 2 жұмыс күні ішінде эксаумақтық МӘС ӘББ-нің қарауына жібереді.
Эксаумақтық МӘС ӘББ МӘС актісі келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1293349?lang=kk

Жауап қалдыру