Тергеушінің бір күні: әр істің артында — адам тағдыры

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тергеушінің жұмысы — күнделікті жауапкершілікті, ұсақ-түйекке мұқият болуды және шындықты анықтауға ұмтылысты талап ететін қызмет. Әрбір қылмыстық істің артында адам тағдыры тұр. Сондықтан тергеушінің кәсібилігі мен принципшілдігі тергеудің сапасына және азаматтардың заңды құқықтарының сақталуына тікелей әсер етеді.

Полиция капитаны Базарбаева Еңлік Ескендіровна — Жетісу облысы Полиция департаменті Талдықорған қаласы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі тергеу тобының тергеушісі.

Еңлік ішкі істер органдарында 2022 жылдан бері қызмет атқарады. Қызмет еткен жылдары ол әртүрлі санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды, оның ішінде жеке тұлғаға, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды тергеу бойынша тәжірибе жинақтады.

Оның жұмыс күні қылмыстық істердің материалдарын зерделеуден, оқиғаның мән-жайларын талдаудан және алдағы тергеу әрекеттерін жоспарлаудан басталады. Әрбір материал мұқият қарауды, дәлелдемелерді объективті бағалауды және процестік нормалардың сақталуын талап етеді.

Тергеу барысында тергеуші жауап алу, қарап-тексеру, беттестіру әрекеттерін жүргізеді, сараптамалар тағайындайды және заңда көзделген өзге де процестік әрекеттерді орындайды. Бұл ретте бірде-бір маңызды жайтты назардан тыс қалдырмау, барлық нұсқаларды тексеру және болған оқиғаның нақты мән-жайларын анықтау маңызды.

«Тергеушінің жұмысында объективтілікті, мұқияттылықты және сабырлылықты сақтау маңызды. Әрбір қылмыстық істің артында адам тағдыры тұр. Сондықтан барлық мән-жайды жан-жақты зерттеп, шешімдерді тек заң аясында қабылдау қажет», — дейді Еңлік.

Тергеушінің жұмыс күні белгіленген қызметтік уақытпен шектелмейді. Процестік құжаттарды дайындау, материалдарды талдау және полицияның басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау жоғары зейін мен жауапкершілікті талап етеді.

Тергеуші мамандығы білімді үнемі жетілдіруді, талдау қабілетін дамытуды және күрделі жағдайларда жұмыс істеуге дайын болуды қажет етеді. Басты міндет — болған оқиғаның объективті көрінісін анықтау, тергеудің заңдылығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау.

Тергеушінің қызметі осындай күнделікті міндеттерден қалыптасады. Бұл — кәсібилікті, төзімділікті және таңдаған мамандыққа адалдықты талап ететін қажырлы еңбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1292952?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді