
Түркістан облысында полиция 600-ден астам студентке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысында полицейлер колледж студенттері арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Кездесу барысында Төлеби ауданының полицейлері №8 колледждің 600-ден астам студентіне дәріс өткізіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың салдары туралы жеткізді. Жастарға заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіріп, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Сонымен қатар колледж аумағына зиянды заттарды алып кірмеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері тарапынан жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғаса береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1293371?lang=ru

Жауап қалдыру