Жас отбасылар арасындағы «Толағай» спорттық сайысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11.09.2026 жылы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектебінде жас отбасылар арасында «Толағай» отбасылық спорттық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту, ұйымшылдық пен өзара қолдауды арттыру. Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық сайыстарда өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және ұйымшылдығын көрсетті. Әр отбасы белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты бәсекенің көркін қыздырды. Сайыс достық пен көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1293125?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді