
Құқықтық, әділетті және әлеуметтік бағдарланған мемлекет пен қоғамды қалыптастыру мемлекет пен азаматтардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуді, Конституция мен заңнаманың талаптарын мүлтіксіз сақтауды, заңдылықты, адалдықты және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз етуді көздейді.
«Адал азамат» құндылықтары шеңберінде құқыққа сай мінез-құлық, берілген құқықтарды адал жүзеге асыру, азаматтық міндеттерді тиісінше орындау, өзге адамдардың қадір-қасиетін, құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу, қоғамдық мүдделерге жауапкершілікпен қарау және азаматтардың қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыруға қатысуы басым мәнге ие.
Мемлекет өзіне Конституцияда және заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тануға, сақтауға және қорғауға кепілдік береді, заң мен сот алдында теңдікті, заңдылық, әділеттілік және тең құқықтылық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік билікті ашық әрі есепті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар қалыптастырады. Қажетті құқықтық, экономикалық және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету әрбір адамның өзіне тиесілі құқықтары мен бостандықтарын толыққанды жүзеге асыруына және заңды мүдделерін іске асыруына ықпал етеді.
Азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын іске асыра отырып, Конституция мен заңнама талаптарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға, өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындауға, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылықты, азаматтық татулық пен құқықтық тәртіпті сақтауға ықпал етуге міндетті.
«Адал азамат» құндылықтарын орнықтыру және кеңінен тарату халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға, құқыққа сай және жауапты мінез-құлықтың тұрақты моделін қалыптастыруға, мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді нығайтуға, азаматтардың қоғамдық процестерге қатысуын кеңейтуге және кемел азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1294359?lang=ru

Жауап қалдыру