Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері және ауданның мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, ана мен нәресте өлімінің алдын алу, баласыз отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету, сондай-ақ ауылдық жерлерде тұратын әйелдер үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған «Қамқорлық жылуы» акциясын өткізу мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, қаралған мәселелерді іске асыру жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/1293609?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді