
12 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерлігін ұлықтау мақсатында құқық қорғау және арнайы органдар мен күш құрылымдары арасында қоян-қолтық ұрыстан Ақтөбе облысы Полиция департаментінің чемпионаты өтті.
Аталған чемпионат Павлодар қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін қоян-қолтық ұрыстан чемпионатқа Ақтөбе облысының құрама командасын іріктеу кезеңі болып табылады.
Жарысқа 8 салмақ дәрежесі бойынша 120-ға жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Жекпе-жектер жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өздерінің шеберлігі мен спорттық дайындығын көрсетті.
Жалпы командалық есепте:
1-орын – Ақтөбе облысы ПД командасы;
2-орын – ҚР ҰҰ 6655 әскери бөлімі командасы;
3-орын – Ақтөбе облысы ТЖД командасы.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Чемпионаттың қадірлі қонағы ретінде Олимпиада чемпионы Серік Жуманғалиұлы Сапиев арнайы қатысып, жарыстың жеңімпаздарына медальдар мен естелік сыйлықтарын табыстады.
Бұл чемпионат – қаза болған полиция қызметкерлерінің ерлігін ұлықтаумен қатар, қызметкерлердің жауынгерлік және спорттық дайындығын арттыруға, үздіктерді анықтап, алдағы республикалық чемпионатқа іріктеуге бағытталған маңызды спорттық шара.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
Батырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1293740?lang=ru

Жауап қалдыру