Ақтөбеде волейболды отырып ойнаудан қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе қаласындағы «Қуат» спорт кешенінде волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасы чемпионатының екінші кезеңі өтуде.

Чемпионатта Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Астана қаласының командалары бақ сынап жатыр.

Чемпионаттың негізгі міндеттерінің бірі — Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына спортшыларды іріктеу. Ойындар барысында жаттықтырушылар штабы спортшылардың дайындық деңгейін, жеке шеберлігі мен командалық өзара үйлесімін бағалайды.

Чемпионат өңірлерде волейболды отырып ойнауды дамытуға және спорттық резервті даярлауға бағытталған. Сонымен қатар, спортшыларға ойын тәжірибесін жинақтап, өзге өңірлердің командаларымен кездесулерде өз мүмкіндіктерін сынауға мүмкіндік береді.

Чемпионат 21 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1293977?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді