
Ақтөбе облысы аумағында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара 14-16 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.
Жолдағы қауіпсіздікті арттыруға, жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында бағытталған шара барысында полиция Жедел басқару орталығының заманауи бейнекамераларын да белсенді пайдалануда.
Мысалы, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуі, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол ережелері талаптарын елемеуі деректері облыс орталығында орналасқан бірнеше бейнекамераның назарына түскен. Қазіргі уақытта жол қауіпсіздігіне бейжай қарағандарға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Жол ережелеріне жауапсыз қарау салдарынан жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 382 жол-көлік оқиғасы орын алды: 11 адам қаза болып, 385 адам жарақаттанды.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту немесе жаяу жүргіншіге жол бермеу – жай ғана ереже бұзу емес. Бұл адам өмірі мен денсаулығына зор қауіп.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1293766?lang=ru

Жауап қалдыру