
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының шағын гранты аясында Атырау облысының Құлсары қаласында әлеуметтік волонтерлікті дамытуға бағытталған «Біз біргеміз – біз ерекше әлембіз» жобасы аяқталды.
Жобаға 40 бала қатысты. Қорытынды іс-шарада олар сән көрсетіліміне қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Аталмыш жоба «Құлсары қаласы мүгедектер қоғам бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жүргізілді. Жоба мүгедектігі бар балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар инклюзивті орта қалыптастыруға, баршаға тең мүмкіндік беруге және жанашырлықты дәріптеуге бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1294254?lang=ru

Жауап қалдыру