Азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталған жаңа технологиялар: ІІМ дрон бағытын дамытуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау және заманауи сын-қатерлерге жедел ден қою ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығын тұрақты түрде жетілдіруді талап етеді.

     Ішкі істер министрлігі жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететін заманауи технологиялар мен жаңа техникалық шешімдерді өз қызметіне жүйелі түрде енгізіп келеді. Осындай бағыттардың бірі – ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту. 10 тамыздан бастап ІІМ-нің ұшқышсыз авиациялық жүйелер жөніндегі оқу-жаттығу зертханасының базасында дрон операторларын даярлау бойынша төрт арнайы оқу курсы өткізілді.

     Оқытуда ішкі істер органдарының барлық жедел бөліністерінің қызметкерлері қамтылды. Курс аясында олар теориялық және практикалық даярлықтан өтті. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану негіздерін, оларды әртүрлі жағдайларда қолдану ерекшеліктерін зерделеп, басқару және практикалық міндеттерді орындау дағдыларын меңгерді.

     Ұшқышсыз жүйелердің мүмкіндіктерін тікелей жедел-қызметтік жұмыста пайдалануға ерекше назар аударылады. Алынған білім мен дағдылар қызметкерлерге іздестіру және жедел іс-шараларды тиімді жүргізуге, жергілікті жерді бақылауға, жету қиын аумақтарды зерттеуге, қажетті ақпаратты тіркеуге және ахуалды жедел бағалауға мүмкіндік береді.

     Оқу қорытындысы бойынша бағдарламаны толық меңгеріп, қажетті практикалық дағдыларын растаған қызметкерлерге тиісті сертификаттар беріледі.

     Заманауи технологияларды енгізу және қызметкерлерді жүйелі түрде даярлау – ведомствоның ішкі істер органдарының тиімділігін арттыру бағытында жүргізіп отырған жұмысының маңызды бөлігі.

     Ведомствоның негізгі басымдықтары – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, құқықтық тәртіпті нығайту және “Заң мен Тәртіп” қағидатын сақтау. Ал заманауи технологиялар осы бағыттағы тиімді құрал.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1294134?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді