
Бүгін Балкашино ауылының «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
1 қыркүйек – білім мен ізденіске бастайтын, жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше күн. Мектеп – жас ұрпақтың білім алып қана қоймай, тұлға ретінде қалыптасып, азаматтық жауапкершілікті сезініп, болашаққа нық қадам басатын маңызды орта.
Осы айтулы күні барша оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, білімге деген құштарлық, биік жетістіктер мен өз күштеріне деген сенім тілеймін!
Ұстаздарға – шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, зор денсаулық және еңбектерінің жемісін көруді, ал ата-аналарға – сабыр, даналық және балаларының әрбір жетістігіне қуанып, мақтан тұтуды тілеймін.
Жаңа оқу жылы табысты да жемісті болып, жарқын жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/1293591?lang=ru

Жауап қалдыру