ДЕПАРТАМЕНТ: АПТА ІШІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен апта ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланған лездеме жиналыс өтті.
 
Жиында еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс берушілермен жүргізілген түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ келіп түскен арыздар мен хаттардың орындалу барысы талқыланды.
 
Сонымен қатар, ұсыну бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері, жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының орындалу бағытындағы атқарылған жұмыстар және анықталған мәселелерді шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды.
 
Жауапты мамандар атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, орындалуы бақылауда тұрған тапсырмалардың қазіргі жағдайын баяндады. Жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыру, азаматтардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарау және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
 
Жиын барысында алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді.
 
Департамент тарапынан еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1294223?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді