Екі жыл: ауқымды аумақ, нақты нәтиже

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылғы 6 қыркүйекте Ермек Амангелдіұлы Карентаев Мойынқұм ауданының әкімі болып тағайындалған еді. Содан бері екі жыл өтті.

Мойынқұм — Жамбыл облысы аумағының жартысына жуығын алып жатқан, ауылдары бір-бірінен шалғай орналасқан кең аудан. Аудан орталығынан 300 шақырым қашықтағы елді мекендер де бар. Осындай ұлан-ғайыр өңірде әрбір мәселені шешу — жүйелі жұмысты, табандылықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Соңғы екі жылда ауданның ең өзекті мәселелері кезең-кезеңімен қолға алынды. Ондаған жыл бойы ауыз суды тәулігіне төрт сағат қана тұтынып келген елді мекендерді үздіксіз сумен қамту жұмыстары басталды. Жолдар жөнделіп, көпірлер салынды. Тоғыз елді мекенге табиғи газ жеткізу жобасы нақты іске көшті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мойынқұм Медиа Орталығы (@moiynqum_media)

Кеңес дәуірінде салынған көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары ауыстырылып, қасбеттері жаңарды. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға баспана берілді. Мыңарал мен Қарабөгетте жаңа мектептер, Айдарлыда спорт кешені, клуб пен кітапхана, Бірлікте стадион ашылып, балаларға арналған жаңа ойын алаңдары салынды.

Аудан тарихында инвестиция тарту бағытында да ауқымды жобалар қолға алынды. Жеті ірі жоба іске асқан жағдайда 850-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бұл — құр мақтанға емес, нақты іске сүйенген екі жылдың нәтижесі. Тәуелсіздік жылдарында шешімін таппай келген бірқатар мәселе бүгінде қозғалып, өзгеріс ауылдардың күнделікті өмірінен көріне бастады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1294267?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді