
Кеше Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылында жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.Рейд барысында көлік жүргізу куәлігі мен рұқсат қағаздары жоқ, мотоцикл мен мопед тізгіндеген жасөспірімдер анықталды. Тәртіп сақшылары заңсыз көлік басқарған кәмелетке толмағандарды тоқтатып, тиісті шаралар қолданды.Полиция қызметкерлері балаларына қауіпті көлік құралдарын алып беріп, олардың жүріс-тұрысын қадағалаусыз қалдырған ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұндай заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны және айыппұлдар салынатыны ескертілді. Барлық ұсталған тұлғалар бойынша хаттамалар толтырылып, техникалар арнайы айып тұрағына жөнелтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-marzhanbulaq/press/news/details/1293819?lang=ru

Жауап қалдыру