Мәслихат депутаттары көшпелі отырыс өткізді (16.09.2026)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Депутаттар Қалалық психикалық денсаулық орталығы мен №2 қалалық көпбейінді ауруханаға барды. Аталған медициналық ұйымдарда бұған дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оны жүргізу мәселесін мәслихат депутаттары қолдау көрсетті. Көшпелі отырыс барысында атқарылған жұмыстардың сапасына және нысандар жаңартылғаннан кейін медициналық ұйымдардың одан әрі жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды.

Қалалық психикалық денсаулық орталығында ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру барысымен танысты. Мұнда диагностика мен амбулаториялық бақылаудан бастап стационарлық емдеуге, детоксикацияға және оңалтуға дейінгі қызметтер көрсетіледі. Балалар психиатриялық көмегін дамыту және ерте араласу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

№2 қалалық көпбейінді ауруханада депутаттар елорданың ірі медициналық кешендерінің бірінің жұмысымен танысты. Мұнда тәулік бойы шұғыл, бейінді және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі.

Аурухана құрылымында кардиология және кардиохирургия, урология, көз микрохирургиясы, ұрықты қорғау орталықтары, сондай-ақ Инсульт орталығы жұмыс істейді.

Заманауи медициналық технологияларды енгізу мәселесіне де жеке қаралды. 2024 жылдан бастап Инсульт орталығында пациенттерді тексеру кезінде Cerebra жасанды интеллект жүйесі қолданылып келеді. Сонымен қатар ауруханада хирургиялық және акушерлік көмектің жоғары технологиялық бағыттары дамуда.

Депутаттар корпусы үшін медициналық инфрақұрылымды жаңарту жобаларын қолдау ғана емес, салынған қаражаттың елорда тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қалай әсер етіп жатқанын бағалау де маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1293760?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді