ОТБАСЫ: ДӘСТҮР МЕН БҮГІНГІ ЗАМАН САБАҚТАСТЫҒЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ОТБАСЫ: ДӘСТҮР МЕН БҮГІНГІ ЗАМАН САБАҚТАСТЫҒЫ 🌿
Кулетовтар отбасы – 25 жылдық жарасымды ғұмырдың үлгісі.
Шаңырақ көтеріп, бір-біріне сүйеу болып, қуаныш пен қиындықты бірге еңсеріп келе жатқан Кулетовтар отбасының отасқанына биыл 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр – бір отбасының тарихында талай белесті артқа қалдырған, сыйластық пен түсіністіктің, махаббат пен сенімнің сыналған кезеңі.
Осы жылдар ішінде отбасы үлкендердің ақылын ардақтап, ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, заманауи білім мен тәрбиені ұштастырып келеді. Дәстүр – отбасының тамыры болса, білім мен жаңашылдық – болашаққа бастар жолы.
Кулетовтар шаңырағында үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбекқорлық пен адамгершілік секілді асыл қасиеттер ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналған. Ата мен әженің өнегесі, ата-ананың тәрбиесі, балалардың арманы мен талпынысы – бір шаңырақтың берекелі сабақтастығын көрсетеді.
25 жыл – бірге өткен 25 жыл қуаныш, 25 жыл сенім, 25 жыл татулық!
Берекелі шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік, ұрпағы білімді де тәрбиелі болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik-budarin/press/news/details/1293684?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді