Қарағанды облысыныда «Назар аудар, жүргінші!» республикалық акциясының қорытындысы шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысыныда «Назар аудар, жүргінші!» республикалық акциясының қорытындысы шығарылды. Қарағанды облысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған «Назар аудар, жаяу жүргінші!» республикалық акциясы аяқталды. -Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 120 фактісі тіркелді. Жол-көлік оқиғалары салдарынан 15 адам қаза тауып, тағы 107 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды,- деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров. Осыған байланысты акция барысында полиция қызметкерлері апат қаупі жоғары учаскелерде, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қиылыстарда, сондай-ақ мектептер мен азаматтар көп жиналатын орындардың маңында бақылауды күшейтті. Акция кезеңінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2,5 мыңнан астам фактісі анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде: – жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінің 97 фактісі; – жаяу жүргіншілер тарапынан 561 жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі; – көлік құралын мас күйінде басқарудың 12 фактісі анықталды. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар, тақырыптық сабақтар, кездесулер, акциялар мен түсіндіру жұмыстарын өткізді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге: жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты алдын ала төмендетіп, жолдың жүріс бөлігін кесіп өтіп келе жатқан жаяу жүргіншіге жол беруге дайын болу қажеттігін еске салды. Жаяу жүргіншілер де жолды тек белгіленген орындарда, бағдаршамның рұқсат беретін сигналына өтіп, жолдан өту қауіпсіздігіне алдын ала көз жеткізуі қажет. Жолдағы әрбір бұзушылық — біреудің өміріне төнетін ықтимал қауіп. Қарағанды облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Қағидаларды сақтау — формальдылық емес. Бұл — адам өмірін сақтап қалу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1293701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді