
2026 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шарипов Самарқанд облысы Туризм басқармасының бастығы Журабек Суюновпен және белгілі кәсіпкер, «Shahrezada Sam Star Tour» туристік компаниясының бас директоры, Самарқанд облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты Толиб Джахангировпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, Самарқандты Қазақстанның ірі қалалары – Астана және Алматы қалаларымен байланыстыратын тұрақты әуе рейстеріне қолдау көрсету мүмкіндігіне, сондай-ақ жаңа әуе бағыттарын іске қосу тәжірибесін кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар зиярат ету, экологиялық, мәдени-тарихи және медициналық туризмді одан әрі дамыту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Тараптар үшінші елдерден келетін саяхатшыларға арналған бірлескен туристік маршруттарды құру перспективаларын да жеке қарастырды.
Кездесуге қатысушылар тікелей көлік қатынасын дамыту және икемді туристік өнімдерді іске қосу Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өзара сапарларын едәуір жеңілдетіп қана қоймай, екі елдің бизнесі үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің нарықтарында өңірлердің туристік әлеуетін ілгерілету бойынша бірлескен практикалық іс-шараларды іске асыруға және туроператорлар мен бейінді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін өзара ақпараттық турлардың бірқатарын өткізуге уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1293954?lang=ru

Жауап қалдыру