САЙРАМ: «САПА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылына қарасты «САПА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
 
Тексеру барысында еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, оның ішінде еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қамтамасыз етілуі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелері қаралды.
 
Мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыс берушіге еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтау, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
Департамент еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1293698?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді