Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Жаңатас қаласы №16-ӨСБ қызметкерлері Сарысу аудандық оңалту орталығында өрт тактикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – өрт кезіндегі жеке құрамның жедел әрі үйлесімді іс-қимылын пысықтау, адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау және өртті қысқа мерзімде сөндіру дағдыларын жетілдіру. Жаттығу барысында өрт сөндіру техникасын орналастыру, жауынгерлік қанат жаю, өрт ошағына су беру және адамдарды эвакуациялау тәртібі пысықталды. Мұндай сабақтар құтқарушылардың кәсіби шеберлігін арттырып, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін күшейтеді.
Жауап қалдыру