
Шет ауданында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясындағы байқауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аудан бойынша 150-ге жуық оқушы тіркеліп, жыр додасына қатысуға ниет білдірді.
Дайындық барысын пысықтау мақсатында ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Жиында жыр мәтінін терең түсіну, көлемді туындыны жүйелі жаттау, оны мәнерлеп, мазмұнын сақтай отырып жеткізу мәселелеріне назар аударылды.
Қатысушыларға жырдағы оқиғалардың ретін есте сақтау, көне сөздер мен тарихи атаулардың мағынасын түсіну, дауыс ырғағын дұрыс қолдану және сахнада өзін еркін ұстау бойынша пайдалы кеңестер берілді.
Кездесу оқушылардың байқауға деген қызығушылығын арттырып, дайындығын шыңдауға мүмкіндік берді. Ұстаздар да өзара тәжірибе алмасып, жырды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін ортаға салды.
«Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы – өскелең ұрпақты батырлар жыры арқылы ұлттық рухта тәрбиелеуге, олардың тарихи танымы мен көркем сөйлеу шеберлігін дамытуға бағытталған тағылымды бастама.
Шет ауданынан қатысатын жас жыршыларға сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1294030?lang=kk

Жауап қалдыру