СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің аппараты Власовка ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және бағалауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындауға, сондай-ақ олардың алдын алу және жою жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған.

Талдау шеңберінде келесі мәселелерге ерекше назар аударылатын болады:

  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының сақталуы;
  • мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы;
  • мемлекеттік функцияларды орындайтын тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы;
  • декларацияларды уақтылы ұсыну және қаржылық бақылау талаптарын сақтау мәселелері;
  • мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу;
  • тікелей бағыныстылық болған жағдайда жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруына белгіленген тыйымды сақтау;
  • мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметке қатысты заңнама талаптарының сақталуы;
  • мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының сақталуы;
  • мемлекеттік мүлік пен бюджет қаражатын басқару және пайдалану мәселелері;
  • ведомстволық бақылаудың тиімділігі, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне бақылау жасау;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін қызметтің өзге де бағыттары.

Ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, олардың себептері мен жағдайлары айқындалып, сондай-ақ оларды болдырмау, жою және азайту жөніндегі ұсынымдар мен шаралар әзірленетін болады.

Власовка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілерді, ұйымдардың қызметкерлерін және ауылдық округ тұрғындарын сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға белсенді қатысуға, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысының фактілері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзге де бұзушылықтары туралы хабарлауға, сондай-ақ мемлекеттік органның жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын енгізуге шақырады.

Келіп түскен мәліметтер мен ұсыныстар заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Бірлескен күш-жігерімізбен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын, мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз етейік.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn-vlasov/press/news/details/1293709?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді