«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейд барысында арнайы жұмысшы топ өкілдері бұған дейін тазалық талаптарын сақтау жөнінде берілген ескертулерді орындамаған кәсіпкерлік нысандарының иелерімен қайта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтамаған бірқатар тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.
Ауданның тазалығы мен көркеюі – әрбір тұрғын мен кәсіпкердің ортақ жауапкершілігі. Сондықтан баршаңызды өзіңізге тиесілі аумақтың тазалығын тұрақты сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Тазалық талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1294001?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді