
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында кәсіби мереке – Еңбек күні бекітілді.
Мерекенің мақсаты – азаматтардың еңбегінің, жұмысшы мамандықтары мен еңбек жетістіктерінің маңызын атап өту.
2026 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысында Еңбек күніне арналған «Еңбек – Ел мұраты» салтанатты іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әмренова, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, кәсіптік одақтардың өкілдері, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының өкілдері қатысты.
Еңбек күніне орай, Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен Зеренді ауданы «Айдабол спирт зауыты» АҚ қызметкерлері марапатталды, Көкшетау қаласы «Көкше Тазалық» ЖШС, Көкшетау қаласы «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, Көкшетау қаласындағы «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК, Бұланды ауданы, «Шаруа-Көкше» ЖШС «Бетеге-У» ЖШС Астрахан ауданы, «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РҚМК Бурабай ауданы, «Шаңырақ Р» ЖШС Есіл ауданы.
«Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» аталымдары бойынша «Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Әлеуметтік жауапкершілікті көтермелеу, еңбек жағдайларын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында жыл сайын «Парыз» республикалық конкурсы өткізіледі. Байқау бизнесті үздік тәжірибелерді енгізуге ынталандырады және өңірлердің тұрақты дамуына ықпал етеді.
Дипломдармен «Парыз» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары – ұйымдар тұрақты даму, еңбекті қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді ұстанымдары үшін марапатталды.
Жұмысшы мамандықтар әрқашан еліміздің дамуының негізі болған және болып қала береді. Әрбір нәтиженің артында адамның еңбегі – оның тәжірибесі, төзімділігі, жауапкершілігі және өз жұмысын сапалы орындауға ұмтылысы тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1294782?lang=ru

Жауап қалдыру