Әуезов ауданының әкімі төрағалығымен коммуналдық мәселелер бойынша жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің төрағалығымен коммуналдық мәселелер бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиынға МИБ, ПИК өкілдері және уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында бірқатар тұрғын үй кешендеріндегі электр энергиясы бойынша берешекті өтеу және тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар тұрғын үй кешендерінің инженерлік желілерін қала балансына беру барысы талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тараптарға көтерілген мәселелерді пысықтап, тиісті жұмыстарды жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1294766?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді