
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар арасында ұйымдастырылға «Алматыны аяла!» қалалық өнер байқауының финалы өтті.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – аға буын өкілдерінің шығармашылық қабілетін қолдау, өнерін кеңінен насихаттау, бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау және қаланың мәдени-қоғамдық өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау.
Байқау ән, күй және би бағыттары бойынша өтті. 3-15 қыркүйек аралығында Алматының 8 ауданында аудандық іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, оған 100-ге жуық әуесқой өнерпаз қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша әр ауданның үздік қатысушылары қалалық финалда бақ сынады.
Финалдық кезеңде 24 қатысушы мен шығармашылық ұжым сахнаға шығып, вокалдық, аспаптық және хореографиялық шеберлігін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
I орын – Наурызбай ауданының «Саржайлау» оркестрі;
II орын – Бостандық ауданының «Dancing Queens» би ансамблі;
III орын – Жетісу ауданының қатысушысы Төлепбаев Серік, «Туған ел» әнімен.
Сонымен қатар 5 қатысушы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды:
Медеу ауданының «Семирянка» қасықшылар ансамблі – «Дарья. Ты душа моя» шығармасын орындағаны үшін;
Жетісу ауданының Нұрдәулет Смағұлов жетекшілік ететін аспаптық ұжымы – «Қайырлы кеш» шығармасын орындағаны үшін;
Медеу ауданының «Наз қоңыр» тобы – «Құсни Қорлан» әнін орындағаны үшін;
Әуезов ауданының қатысушысы Мәриям Садыққызы Кетебаева – нақыл термесін орындағаны үшін;
Наурызбай ауданының «Арай» ән-би ансамблінің бишілер тобы – «Қыз ұзату» биін орындағаны үшін.
«Алматыны аяла!» байқауы аға буын өкілдерінің өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігінің жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті. Сахнаға шыққан қатысушылар жасқа қарамай өнермен айналысып, жаңа белестерді бағындыруға болатынын өнері арқылы дәлелдеді.
Байқау үздіктерді анықтайтын шығармашылық дода ғана емес, өнер арқылы түрлі буын өкілдерін жақындастыратын, аға буынның белсенді өмір салтын насихаттайтын маңызды мәдени алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-madeniet/press/news/details/1294827?lang=ru

Жауап қалдыру